III орынды иеленді
Ресейдің Самара қаласында балалар хирургтарының «Балалардағы іштің алдыңғы қабырғасының хирургиялық аурулары» атты дәстүрлі симпозиумы және «Балалар хирургиясының, анестезиология және реаниматологиясының өзекті мәселелері» атты 30-шы ресей студенттік ғылыми конференциясы өтті. Оған Ресейдің көптеген өңірлерінен, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Палестина, Белоруссия елдерінен делегаттар қатысты.
Симпозиумда мамандар іштің алдыңғы қабырғасының туа біткен ақаулары — гастрошизис және омфалоцеле және іштің алдыңғы қабырғасы жарықтарының диагностикасы мен емінің өзекті мәселелері талқыланды. Балалар хирургиясы кафедрасының доценті Бауыржан Бисалиев «PIRS әдісімен балалардағы шап жарығын хирургиялық емдеу» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияда студенттер арасында 150 баяндама және резиденттер арасында 97 постерлік баяндама ұсынылды. Университет атынан балалар хирургиясы кафедрасының резиденті Бөрі Бейбарыс постерлік баяндама жасап, ІІІ орынды иеленді. Жан-жақтан жиналған студенттер мен ПОҚ балалар хирургиясындағы өзекті мәселелерді әртүрлі секцияларда талқылау барысында тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Конференция соңында жеңімпаздар марапатталып, конференция символы «Скальпель» 2025 жылы өтетін Ярославль ММУ-не табысталды.