Таза су және санитария

Кәсіби аурулармен гигиеналық пәндер кафедрасының аға оқытушылары К.Шаяхметова мен Л.Сакебаева Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында өткен семинарға қатысты. Cеминар мақсаты — оқу-тәрбие процесінде тұрақты даму мақсаттарын насихаттау арқылы оқушылардың күнделікті өмірінде денсаулықты күту мәдениетін қалыптастыру.  Аталған іс-шара ТДМ-ның  3 және 6 тармақтарына ««Жақсы денсаулық және әл-ауқат», «Таза су және санитария»» сәйкес өткізілді.

Семинар барысында салауатты өмір салты дұрыс тамақтану мен тазалықтан, спортпен шұғылданудан басталатындығы, денсаулығымызды қалайша жақсарта аламыз, күнделікті өмірге қажетті сапалы тағам мен пайдалы дәрумендер көздері, зиянды әдеттерден аулақ болу қажеттілігі айтылды. Әрбір адам өз денсаулығына көңіл бөліп, оны сақтап, нығайтуы тиіс екенін, денсаулықтың қадірін біліп, бағалау керектігі айтылды.

Сондай-ақ, қауіпсіз су мен санитарияға қол жеткізу және тұщы су экожүйелерін ұтымды пайдалану адам денсаулығы, экологиялық тұрақтылық пен экономикалық өркендеу бағытындағы маңызы туралы баяндамалар жасалды.