Темекі түтінінсіз болашақ
Жақын арада фармакология, клиникалық фармакология кафедрасында ПОҚ мен “Фитофармаколог” СҒҮ-нің белсенді студенттері және жалпы медицина факультеті 3 курс студенттерімен «Темекі түтінінсіз болашақ» тақырыбында кезекті отырыс өтті. Аталған іс-шара ОДМ-ның 3 бағытына «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», атап айтқанда, 3а тармақшасына «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенциясының барлық елдерде орындалуын қажет болған жағдайда күшейту» сәйкес келеді.
Отырыста:
– Тақырып бойынша М.Оспанов атындағы БҚМУ 1,3,6 курс студенттеріне жалпы саны 150 адамнан ерікті түрде өткен сауалнама нәтижелері талқыланды.
– Қорапты және электронды темекі құрылымы және зиянды жақтарына салыстырмалы түрде сипаттама берілді.
– Шылым шегуді қоюдың бірнеше әдістері туралы ақпарат айтылды
– Темекі өндіретін компания өкілімен сұхбат жүргізілді ( сценарий бойынша )
– Қоршаған орта адамдарының темекі шегуге әсері туралы көрініс қойылды
– Темекі зиянын ескере отырып, болашаққа өсиет хат жазылды
Отырыс соңын кафедра профессоры Мавлюдова Н.М. никотиннің фармакологиясын, оның ағзаға, келешек ұрпаққа зиянды әсерін түсіндіріп, бұрын жүргізілген эксперименттік зерттеулерді айтып қорытындылады.
@fitofarm_zkmu инстаграмм парақшасында ТДМ-ның 3.4 бөлімі бойынша «Қант диабеті» тақырыбында тікелей эфир жүргізілді. Талқыланған сұрақтар:
– Қант диабеті кезінде қолданылатын дәрілік заттар жіктелісі, жағымсыз әсерлері
– Биогормональдық пеллет
– Қант диабеті мониторингі.