Фармацевтер кездесуі
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында фармацевтикалық пәндер кафедрасында «Тиісті дәріханалық практика стандарттарын (GPP) енгізу жағдайында практикалық фармацияның өзекті мәселелерін жариялау» тақырыбында кездесу өтті. Оған Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық қызметті дамыту және қолдау қауымдастығының төрағасы О.Есенов, фармацияның еңбек ардагері К.Дүйсенқызы, провизор А.Какова, фармацевтикалық пәндер кафедрасының қызметкерлері мен 5-курс студенттері қатысты.
Фармацевтикалық пәндер кафедрасының жетекшісі А.Бердгалеева фармация факультетінің бітіруші студенттеріне фармация еңбек ардагерлерін және фармацияның практикалық буынының қызметкерлерін таныстырды.
Қонақтар фармацевтика саласындағы тәжірибелік қызметтері туралы айтып, іс-тәжірибелері және жетістіктерімен бөлісті. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша болашақ мамандардың сұрақтарына жауап берді.
Бүгінгі таңда дәріхана мекемелерін GPP стандарттарына аккредиттеу, заңды мәртебесі мен меншік нысанына қарамастан фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру түлектердің ерекше қызығушылығын тудырады. Студенттер сұрақтарына жауап алып, қонақтарға алғыстарын білдірді.
Кездесу жылы және іскерлік жағдайда өтті.