Мерекемен құттықтады

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұргүл Әбенова, гистология кафедрасының меңгерушісі Жанат Есқарақызы, аталған кафедраның профессоры Гүлнара Аяғанқызы облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, ұжымды мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, Нұргүл Әбенова университет ректоры Әсет Қалиевтің атынан бір топ қызметкерлерге Құттықтау хаттарын табыстап, сый-сияпат жасады.

Сонымен қатар Нұргүл Абдоллақызы, Жанат Есқарақызы, Гүлнара Аяғанқызы Халықаралық музейлер күні мерекесінде «Музей түні-2024» дәстүрлі шара аясында 67 жылдық тағылымды тарихы бар оқу орнының медициналық материалдарынан жасақталған «Ақтөбе аймағындағы медицина құндылықтары» атты жоғары деңгейде ұйымдастырылған ауқымды көрме үшін алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

Музей директоры Мейрам Дүйсенғали, бас қор сақтаушы Базаргүл Тұрлыбаева, қор бөлімінің меңгерушісі Нұрболат Ғаббасов өздеріне көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылықтарын білдірді.