ТДМ аясында ашық есік күні

22 мамырда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ҚҚА Дерматовенерологиялық орталығында Дүниежүзілік меланомаға қарсы күрес күніне орай «Тері обырының алдын алу» атты ашық есік күні өтті.
Оған фтизиатрия және тері-венерология кафедрасының м.ғ.к., доценті Алиева Р.К., м.ғ.к.,доценті Изтлеуова Г.М., ассистенттері, дәрігер-дерматовенерологтар, дәрігер-резиденттер және қала тұрғындары қатысты.
Іс-шараның мақсаты-тері обыры белгілері мен алдын алу шаралары туралы халықты ақпараттандыру. Аталған іс-шара ОДМ-ның 3 бағытына «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» сәйкес келді.
Ашық есік күні барысында тұрғындарды дерматоскопия әдісімен тексеру жүргізілді және теріні ультракүлгін сәулелерден қорғаудың маңыздылығы туралы кеңес берілді.