Оқытудың инновациялық әдістері талқыланды
Түркиядағы Башкент университеті Медициналық білім беру орталығының қызметкері MD Fazil Serdar Gürel Астана медицина университетінде «Интеграцияланған оқу жоспарларындағы оқыту және бағалау әдістері» тақырыбында семинар өткізді. Оған АКД жетекшісі Н.Әлекенова медицина мамандығы бойынша АК төрайымы А.Раманқұлова қатысып, біліктіліктерін жетілдірді. Семинарға Астана медицина университеті, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Семей медицина университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары да қатысты. Мақсат — оқыту мен бағалаудың заманауи әдістерін талқылап, медициналық білім берудің интеграцияланған оқу жоспарларында қолдану.
Семинар теориялық білім беру және практикалық сабақтардан тұрды. Курс барысында интеграцияланған оқытудың қолайлы әдістерін анықтап, когнитивтік, психомоторлық, коммуникативтік салаларда оқытудың интеграцияланған әдістерін әзірлеу және білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау туралы тақырыптар қозғалды.
Семинар барысында алынған білім үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің кешенді бағдарламасын жетілдіруге қолданылады. Ендігі кезекте мамандар алған білімдерін университеттің оқытушыларымен бөлісуді жоспарлап отыр.