Профессордың шеберлік сабағы
Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен профессор-визитингі аясында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры Ләззат Көшербаева «Медициналық қызметтер пакетін әзірлеу үшін нақты деректерге негізделген кеңесу процестері» атты шеберлік сабағын және «Кәсіпаралық командалық оқыту: ҚазҰМУ тәжірибесі», «Денсаулық сақтау жүйесінің өнімділік көрсеткіштері: алдын алуға болатын өлім-жітім» тақырыптарында семинарлар өткізді. Екі күнге жоспарланған маңызы зор шараларға профессор-оқытушылық құрам мүшелері, докторанттар және магистранттар қатысты.
Іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткен шараларда профессор Ләззат Көшербаева қатысушыларға денсаулық сақтау жүйесіндегі алдын-алуға болатын өлім көрсеткіштерімен жұмыс істеу ерекшеліктері, кәсіпаралық оқытудағы тәжірибелері, медициналық қызмет түрлерін әзірлеудегі нақты деректерге негізделген кеңесу процестері жөнінде дәрістер оқып, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Қатысушылар тақырып аясында сауалдарын қойып, пікір алмасты.