Академиялық ұтқырлық — Батуми университетінде

Психология кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Алуа Миралеева Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университетінің студенттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәрістер оқып, сабақтар өткізді.

Аталған университеттің 1-курс студенттері негізгі пәндер бойынша дәрістерді, ал 3-курс студенттері нақты коммуникативті дағдылар бойынша дәрістерді қызығушылықпен тыңдады.

Өз кезегінде аталған оқу орнының денсаулық сақтаудың жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, медицина ғылымдарының кандидаты Русудан Хухунашвили және мінез-құлық ғылымдары кафедрасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор Хатуна Дондоладзе Алуа Миралееваға алғыстарын айтып, екі білім ордасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлескен жұмысты одан әрі жандандырып, жалғасын табатындығына сенім білдірді.