Пікірсайыс конференциясы

Сыни ойлауды ынталандыру, мәдениет алмасу және еліміздегі ағылшын тіліндегі бағдарламаларға назар аудару үшін АҚШ миссиясы мен Қазақстанның Фулбрайт қауымдастығы Астанадағы Назарбаев университетінде пікірсайыс бойынша конференция өткізді. Оған қазіргі уақытта алмасу әдісімен американдық ЖОО-да оқып жатқан 38 қазақстандық ЖОО студенттері қатысты.

Аталған шараға алғаш рет біздің медицина факультетінің 141-топ студенті Алина Зейнулаева мен 142-топ студенті Дастан Рысмағамбетов Фулбрайт бағдарламасының қатысушысы Stephanie Murphy және тілдер кафедрасының оқытушысы Күләш Жілісбаевамен бірге қатысты.

Студенттер жақсы деңгейде өнер көрсетіп, университет намысын қорғады. Сондай-ақ, АҚШ елшісі Дэниел Розенблюмнің атынан қатысқаны үшін сертификаттар алды.

Біз студенттерімізбен мақтанамыз және оларға сәттілік тілейміз!