Темекі — ғасыр індеті
Жыл сайын 31 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дүниежүзілік темекісіз күнді атап өтеді. Ал біздің елімізде ағымдағы жылы ақпанда Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында әлемдік түтінсіз орта құрылды.
Осыған орай бүгін Отбасылық медицина клиникасы қаламыздағы №2, №6, №7 қалалық емханаларымен бірлесіп, университеттің спорт алаңында «Жастарды темекі индустриясынан қорғау» ұранымен ауқымды спорттық іс-шара өткізді. Темекіні тұтыну салдарынан денсаулыққа төнетін қауіп-қатерге және темекіні тұтынуды азайту саясатының тиімді шараларына назар аударуды көздейтін маңызы зор шара аясында Жастар денсаулық орталығының студенттері флешмоб билеп, демонстрация жасап, спорттық ойындар ойнады.