Ел нышаны — Рәміздер
Құрметті әріптестер, ардагерлер, студенттер, резиденттер, магистранттар және докторанттар!
Баршаңызды 4 маусым — мемлекеттік Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік Рәміздер — ел Тәуелсіздігінің нышаны. Мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Өткенге көз жүгіртсек, 1992 жылы Тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік Рәміздерінің тұсаукесері өтті. 2006 жылы жаңа Гимн қабылданды.
Рәміздер халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, даналығын, ерлігін, арман-тілегін айшықтайды. Мемлекеттік Рәміздерге шетелдік мамандар жоғары баға беріп, әлемдік каталогқа енді.
Бүгінде елдігімізді танытатын, патриоттық рухымызды оятып, жүрекке мақтаныш сезімін ұялататын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр. Көк Туымыз сан мәрте әлемдік аренада желбіреді.
Тұғыры биік Тәуелсіз еліміздің нышандары әрдайым биіктен көрінсін!
Мереке құтты болсын!
Надияр МУСИН,
ректор міндетін атқарушы.