«Жастарды темекі өнеркәсібінің манипуляцияларынан қорғау»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын 31 мамырда Дүниежүзілік темекіден бас тарту күнін атап өтіп, темекіні тұтынудың денсаулыққа зияны мен темекі тұтынуды азайтудың тиімді саясатына назар аударады.

Қазақстан Республикасында үкіметінің 2024 жылғы 29 ақпандағы №141 қаулысын іске асыру щеңберінде, ҚРДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастыру – әдістемелік басшылығымен республика өңірлерінде темекі түтінінен таза дүниежүзілік темекісіз күн атап өтілуде.

Осыған орай Ақтөбе қаласы бойынша Отбасылық медицина клиникасы, №6, №7, №2 қалалаық емханаларының ұйымдастыруымен Марат Оспанов атындағы БҚМУ спорт алаңында «Жастарды темекі өнекәсібінің манипуляцияларынан қорғау» ұранымен, кен ауқымды спорттық шара өткізілді және Жастар денсаулық орталығының студенттерінің қатысуымен флешмоб, қысқаша көрсетілім болды.

Аталған іс-шара ОДМ-ның 3 бағытына «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», атап айтқанда, 3а тармақшасына «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенциясының барлық елдерде орындалуын қажет болған жағдайда күшейту» сәйкес келеді.