Аккредитациядан сәтті өтті
2024 жылғы 31 мамырда (№84 хаттама) «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесінің Аккредиттеу кеңесінің отырысында 5 жыл мерзімге «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ бакалавриаттың келесі білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу туралы шешім қабылданды:
6В10109 «Медицина» (үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасы).
6В10110 «Стоматология» (үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасы).
6В10111 «Педиатрия» (үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасы).
6В10112 «Медициналық-профилактикалық іс» (үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасы).
Факультет декандарын, бакалавриаттың аккредиттелінген білім беру бағдарламаларына жауапты тұлғаларды және университет ұжымын білім беру бағдарламаларының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтай отырып, білім беру және ғылыми қызметтің сапасын жақсарту барысында одан әрі табыстар тілейміз!