Медицина қызметкерінің күні
Құрметті әріптестер, ардагерлер және білім алушылар! Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз — Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дәрігер мамандығы — әлемдегі ең ескі және ең беделді мамандықтардың бірі. Терең білімді, жоғары жауапкершілікті және шынайы кәсібилікті қажет ететін басқа мамандық жоқ. Себебі кей жағдайларда дәрігердің қателігі бір адамның өмірімен пара-пар. Сондықтан Медицина қызметкерінің күні кәсіби мерекесі — әр адам өмірінде дәрігердің алатын орны зор екенін ұғындырып, оған шынайы құрмет көрсетуге бағытталған.
Адам жанының арашасы — дәрігер деген мәртебелеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын! Денсаулық қорғаны, халық жанының сақшысы, мейірім мен ізгілік жаршысы атанған өздеріңіздей абзал жандардың еңбегі әрқашан ерекше бағаланады.
Барлық медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне сәттілік, зор денсаулық пен отбасы бақытын тілеймін.
Құрметпен,
Надияр Мусин,
ректор міндетін атқарушы.