Оңтүстік Кореямен ынтымақтастық
Астанада өткен Қазақстан-Корей бизнес-форумында университетіміздің ең ірі базасы — Медицина орталығына жасанды интеллект енгізу туралы Меморандум жасалды. Аталған құжат біздің университет пен Оңтүстік Кореядан келген «Nomad Healthcare ai Hub» жобасы арасындағы ынтымақтастыққа жол ашты.
Ынтымақтастық мақсаты жасанды интеллекттің озық технологияларын медициналық тәжірибеге интеграциялау болып табылады. Бұл науқастарды диагностикалау мен емдеудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жоба шеңберінде медициналық деректер, талдау және клиникалық шешімдер қабылдауды қолдау саласында инновациялық шешімдерді әзірлеп, енгізу жоспарлануда.
Меморандум Қазақстандағы денсаулық сақтауды цифрлық трансформациялау және медицина мен технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Университеттің Медицина орталығына жасанды интеллект енгізу жоғары табысты интеграцияның үлгісі болады деп күтілуде.