Шетелдік студенттер диплом алды
Халықаралық медицина факультетін жалпы медицина мамандығы бойынша тәмамдаған бакалавриат түлектері диплом алды. Салтанатты шара Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холда өтті.
Шетелдік түлектерді оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұргүл Әбенова, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық серіктестік жөніндегі проректоры Гүлмира Жорабекова және халықаралық медицина факультетінің деканы Диана Пірімқұлова құттықтап, дипломдарын табыстады.
Сондай-ақ, университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан бірқатар студенттер сертификаттармен марапатталды.
Бүгінгі кеш — студенттердің жемісі мен педагогтар еңбегінің ақталғаны. Емтихан алдындағы қорқыныш пен қобалжу барлығы артта қалды. Бүгінде сынақ-емтихандарын сәтті тапсырып, дипломдарын қолдарына алды. Салтанатты шарада түлектер білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын білдірді, өнерлерін көрсетіп, кеш көркін қыздырды.
Өз кезегінде университет басшылығы Үндістан мен Пәкістаннан келген студенттерді құттықтап, толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тіледі.