«Үздік түлек-2024»
Анестезиология және реаниматология кафедрасында 3-жыл бітіруші резиденттер арасында дәстүрлі «2024 жылдың үздік түлегі» олимпиадасы өтті. Олимпиада мақсаты — теориялық білімді, практикалық дағдыларды, клиникалық ойлауды жетілдіріп, түлектердің топпен жұмыс істеу қабілетін шыңдау.
Шараға базалық көпсалалы облыстық аурухана әкімшілігінің өкілдері, ОАРИТ меңгерушілері, практикалық медицина өкілдері, резиденттеріміздің клиникалық тәлімгерлері мен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы және 36 түлек қатысты.
Олимпидаға қатысушылар 90 секундта 10 сұрақты шешіп, блиц-сауалнама жүргізді. Анестезиологияның ең өзекті мәселелері — реаниматологияны ұсынатын жағдайларды шешу арқылы клиникалық жағдайларды талдады.
Чек парақтарын бағалап, тәжірибелік дағдыларды көрсетті. Резиденттер презентация түрінде портфолиоларын ұсынды.
Олимпиада соңында резиденттер байқаудың және олардың командалық жұмысының жоғары сапасын ерекше атап өтіп, кері байланыс жасады.