Келісім шартқа қол қойды
Фармация және фармакологияның ғылыми білім беру беру кластерін құру туралы келісім шартқа қол қою рәсімі өтті.
Мақсат — фармация және медицина саласындағы консорциум мүшелерінің ғылыми білім беру және технологиялық әлеуетін біріктіруге негізделген инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу.
Сонымен қатар денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика өнеркәсібі үшін білікті кадрларды даярлаудың заманауи жүйесін қамтамасыз етуге қабілетті құрылымды қалыптастыру.
Шарада ТММУ, Шираз медицина ғылымдары университеті, Әбуәли Ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және Ақтөбе медицина орталығының өкілдері сөз сөйлеп, өзара ынтымақтастық туралы келісім шартқа ресми түрде қол қойды.
Ректор міндетін атқарушы Надияр Мусин фармацевтика саласындағы екіжақты келісімнің маңызы зор екенін ерекше атап өтіп, алғысын білдірді.