Жазғы спартакиада мәресіне жетті

Спорттың 5 түрінен волейбол, шахмат, шағын футбол, жеңіл атлетика және үстел теннисінен профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлер арасында ұйымдастырылған жазғы спартакиада өз мәресіне жетті.

Жарысқа 6 команда, яғни 120-дан астам оқытушылар мен қызметкерлер қатысып, бақ сынасты. Олар — медицина, стоматология факультеттері, резидентура және интернатура, Медицина орталығы, Әкімшілік, әскери кафедра және Отбасылық медицина клиникасының құрама командалары.

Дәстүрлі спартакиада қорытындысында 11 ұпай жинаған Әкімшілік командасы жалпы есепте ІІІ орынға ие болып, ақшалай сыйлық — 30 мың теңгенің сертификаты, II орынды Резидентура және интернатура командасы 16 ұпай жинап, ақшалай сыйлық — 50 мың теңгенің сертификаты, стоматология факультеті 21 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте І орынды иеленіп, ақшалай сыйлық — 70 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Дене тәрбиесі кафедрасы және «Сұңқар» спорт клубы спартакиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықтап, толағай табыстар тілейді.