«Үздік түлек-кардиолог-2024» байқауы
№2 ішкі аурулар кафедрасында 3-оқу жылының резидент-кардиологтары арасында «Үздік түлек-кардиолог-2024» байқауы өтті. Байқауды резиденттер кураторы, кафедра профессоры Сәуле Сейтмағамбетова ұйымдастырды. Оқу жылының соңында №2 ішкі аурулар кафедрасында түлектер арасында осындай конкурстарды өткізу ұзақ жылдардан бері дәстүрге айналды.
Биылғы байқауға 11 резидент – кардиолог қатысты.
Сайыскерлер ситуациялық есептерді шешу, электрокардиограммаларды түсіндіру, тәжірибелік дағды-негізгі жүрек-өкпе реанимациясы бойынша сынға түсті.
Резиденттердің білімімен тәжірибелік дағдыларын кафедра оқытушыларынан құралған қазылар алқасы — доцент К.Тоқбаева, ассистенттер Г.Сұлтанбекова, Л.Аралбаева және кафедра жетекшісі, қауымдастырылған профессор Гүлнара Құрманалина бағалады. Объективті бағалау үшін қазылар алқасының мүшелеріне чек-парақтар берілді. Қазылар алқасының әрбір мүшесі түлектердің білімімен дағдыларын 10 0балдық шкала бойынша бағалады.
Байқау қорытындысында резидент Асел Идеятова жеңімпаз атанып, резиденттер Динара Абилова екінші, Әсел Артықбаева үшінші орынды иеленді. Қатысушылар арасынан дауыс беру арқылы көрермендер көзайымы сыйлығын Ақбота Асанқызы алды.
Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.