Жайдарманшыларымыз — жартылай финалда

Студенттер сарайында «Жайдарман top-2024» Көңілді тапқырлар сайысының 1/4 ширек финалы өтті. Сайыста 12 команданың ішінен ең жоғары ұпай жинап, топ жарған «Оспанов құрамасы» жартылай финалға жолдама алып, университет мерейін үстем етті.

Топ құрамындағы халықаралық медицина факультетінің студенттері Shivani Prajapati, Purva Laad, Harshali Salve және Deepak Kumar жақсы ойын өрнегін көрсетіп, белсенділік танытты.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Ерекше атап өтерлігі, университет студенттерінен құрылған «Оспанов құрамасы» жайдарман командасы 2 жылдан бері керемет ойын көрсетіп келеді. Бірнеше рет республикалық Жайдарман ойындарына қатысып, жақсы өнер көрсетті.

Өткен жылы елордасы Астана қаласында өткен Жайдарманда бақ сынасып, «Батыс Номад лигасына» жолдама алды.