Қабылдау комиссиясы жұмысын бастады

Бүгіннен бастап медицина саласын таңдап, «ақ халатты абзал жан атанамын», — деген талапкерлер үшін университет есігі айқара ашық.
Дәрігер, мейірбике, гигиенист-эпидемиолог, фармацевт және қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы боламын дейтін жандар университеттің бас ғимаратына келіп, құжаттарын тапсыруларына болады. Қазір құжат тапсыру рәсімі жеңілдей түсті. Бұрынғыдай ұзын-сонар кезек күтудің қажеті жоқ. Барлығы цифрландырылған. Оқуға мектеп бітірген түлектер мен колледж тәмамдаған студенттер құжат тапсыра алады.
Атап өту керек, талапкердің ҰБТ-дан жинаған балы 70-тен асуы тиіс.
Қабылдау комиссиясы дүйсенбі-жұма күндері таңертең 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.