Мереке иелері марапатталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби төл мерекесіне орай университеттің бірқатар қызметкерлері мерекелік марапаттарға ие болды.

Атап айтсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі-2 адам. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі-4 адам. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі-6 адам. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы-4 адам. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаты-6 адам.

Облыс әкімінің Алғыс хаты-5 адам. «Университет мақтанышы» төсбелгісі-1 адам. «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі-4 адам. Құрмет грамотасы-9 адам. Алғыс хат-8 адам. «Жыл кураторы-2024» байқауының жеңімпаздары-4 адам. ҚР «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің «Avicenna» мерекелік алтын медалі-4 адам. ҚР жедел медициналық жәрдем қауымдастығының «Үздік қызметкер» төсбелгісі-2 адам.

«Шарапат» медициналық қызметкерлер, тәуелсіз сарапшылар және денсаулық сақтау саласының ардагерлер ассоциациясының «Денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбегі үшін» медалі-1 адам. Жазғы спартакиада жеңімпаздары-3 команда.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, еңбектеріне толағай табыстар тілейміз!