Неонатология мен педиатрияға арналған шеберлік сабағы
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы базасындағы университеттің симуляциялық орталығында «Неонатология мен педиатриядағы шұғыл жағдайлар» тақырыбында медицинадағы симуляциялық оқытатын ресейлік сарапшы, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог Анатолий Веревкиннің қатысуымен шеберлік сабағы өтуде.
Мақсат — Pedisim, Bebisim, «Кроха павлик» жоғары технологиялық роботтарында дағдыларды көрсете отырып, сыни жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсету бағытында сценарийлерді пысықтау.
Шара барысында стратегиялық даму ғылым және халықаралық серіктестік жөніндегі проректоры Гүлмира Жорабекова шеберлік сабағының неонатологтар мен педиатрлар үшін маңызы зор екенін айтып, Мәскеу қаласынан арнайы келген Анатолий Веревкинге алғысын білдірді.
Шаберлік сабақ аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамы, неонатологтар мен педиатрларға жоғары технологиялық роботтарды қолдану арқылы тәжірибелік шеберлік сабақтары, бейне трансляция, командалық тренинг пен дебрифинг ұйымдастырылып, көрсетілуде.
Шара үш күнге жоспарланды.