Редакциялық баспа орталығы
Бүгінде «Жеке бренд» сөзі кең қолданыста. Ал, біздің университетіміздің «Жеке брендінің» қалыптасуына бірден-бір сеп болып жүрген ұжым бар. Ол — университеттің редакциялық баспа орталығы.
Ұжымға Серік Оразов жетекшілік етеді. 10 шақты адамнан тұратын ұжым ауқымды жұмыстарды атқарады. Университетте жарық көретін газет-журналдар, ғылыми конференция материалдары, клиникалардың құжаттары, жарнамалық брошюралар — бәрі-бәрі осы орталықта басылады.
Орталық тарихы 1969 жылдан бастау алады. Сол кезден бері оқу орнының тынысынан сыр шертетін «Медик» газетін жарыққа шығарып келеді. Алғашында газетке басылатын ақпараттарды ғана дайындаумен айналысқан ұжым 2004 жылдан бері жаңа құрылғылармен жабдықталып, баспа материалдарын түптеп, шығарумен де айналысады.
Қазір кішігірім цехта көп таралымды журналдар, газеттер мен кітапшалар басылып шығарылады.