Университеттің жаңалық жаршысы
28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби төл мерекесі. Осынау атаулы күннің қарсаңында университетіміздің жаңалық жаршысы болып табылатын, көп жылдық тағылымды тарихы бар басылым — «Medik» газетін тілге тиек етпекпіз.
Аталған басылымға биыл қыркүйек айында 55 жыл толады. «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дегендей, көпшіліктің көзайымына, университеттің айнасына айналған баспа ұжымы жарты ғасырдан астам уақыт жаңалықтар мен мақалаларды жариялап келеді. Алғашында қарапайым ғана ақ-қара қағазға басылған газет жылдар өте жаңа рең мен мазмұн алып, бүгінде таралымы көп басылымға айналды. Заман талабына сай YouTube каналын ашып, түрлі сұхбаттарды көрермен назарына ұсынуда.
Ендеше, «Medik» газетінің ұжымын кәсіби мерекесі және мерейтойларымен құттықтап, шығармашылық толағай табыстар тілейміз! Қаламдарыңыз ұшталып, жазар дүниелеріңіз көп болсын, құрметті әріптестер!