Құрметті әріптестер, ардагерлер мен білім алушылар!
Сіздерді 6 шілде — Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1997 жылы еліміздің бас қаласы болып жарияланған Астана аз уақыт ішінде еліміздің жүрегі, мәдениеті мен өнерінің орталығына айналды. Астана — болашаққа деген сенімнің символы. Бұл — баршамызға ортақ мереке. Елім деп еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың елордамыздың көркейіп, өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі зор.
Осынау мереке күні отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
Надияр Мусин,
ректор міндетін атқарушы.