Ғылыми тағылымдама
«Батыс Қазақстанда оқитын жастардың әл-ауқатының қарқынды өсуінің әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктерін бағалау» ғылыми жобасының зерттеушілері А.Миралеева, М.Книсарина, С.Сейтенова, А.Сыздықбаева, А.Байкулова «Artificial Intelligence and Modern Education: Technological Innovation, Ethical Considerations and Development Prospects» тақырыбында онлайн форматында ғылыми тағылымдама және «Developing the meta-skills of 21st century students: from communication to project management» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Тағылымдаманы Черногория, Будва қаласындағы «Society for Academic Activity» қауымдастығы ұйымдастырды.
Ынтымақтастық байланыстарды нығайту мақсатында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мен «Society for Academic Activity» қауымдастығы арасында білім және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық, академиялық және ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды (Сербия).