Грантқа құжаттар қабылдануда

Қабылдау комиссиясы мемлекеттік білім беру гранттарының конкурсына қатысушылардан құжат қабылдауды бастады. Құжаттар 24 шілдеге дейін қабылданады. Қабылдау комиссиясы университеттің бас ғимаратында орналасқан. Тек қана медицина мамандықтары емес барлық білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтарға құжат тапсыруға болады.

Қазір құжат тапсыру рәсімі жеңілдей түсті. Бұрынғыдай ұзын-сонар кезек күтудің қажеті жоқ. Барлығы цифрландырылған. Талапкерлер үйлерінен телеграм-бот арқылы кезек алып, өз кезегін күте алады.

Қабылдау комиссиясы дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін сенбі күні 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, 📲 8-701-765-7518, 8-701-765-7521 телефон нөмірлеріне хабарласып немесе ospanovzkmu_priem2022 парақшасына жазып, толық ақпарат алуларыңызға болады.