Өзбекстан мен қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейту

Университетіміз Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының (Өзбекстан) делегациясын қабылдады. Қонақтар өздерінің білім беру бағдарламалары мен академиялық және ғылым салаларындағы жетістіктерін таныстырды.

Сапар барысында ғылыми білім беру саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланып, «Стоматология» және «Медицина» бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарлары егжей-тегжейлі қаралды. Тараптардың студенттер және оқытушылармен алмасуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумы бар. Енді бірлескен білім беру бағдарламаларын құрумен меморандум шеңберінде ынтымақтастықты тереңдету мәселесі қаралуда.

Екі тарап өкілдері Қазақстан мен Өзбекстанда медициналық білім беруді дамыту үшін осы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Екіжақты ынтымақтастық студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Қонақтар университет өкілдеріне кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырып, жылы қабылдағандары үшін алғыстарын айтты және оқу орнымыз туралы оң пікірлерін қалдырды.