Гранттар қорытындысы
Мемлекеттік білім беру гранттарының қорытындысы бойынша университетке 300-ге жуық грант иегері оқуға түсті. Гранттардың басым бөлігі медицина мамандығына берілген. Басқа мамандықтар бойынша гранттар төмендегідей бөлінді:
Педиатрия — 75. Стоматология — 5. Фармация — 7. Қоғамдық денсаулық сақтау— 8. Мейіргер ісі — 5. Аталған грант иегерлері тамыздың 25-не дейін университетке құжаттарын тапсыруы керек.
Сондай-ақ, қазір қабылдау комиссиясы өзге өңірлердің әкімдік гранттарына үміткерлерден құжат қабылдауда. Құжаттар 10 тамызға дейін қабылданады. Әкімдік гранттарды Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері бөліп отыр. Сондықтан бұл гранттарға аталған өңірлерден келген талапкерлер ғана үміткер бола алады.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры университетке 8 грант бөлді. Оған жетім, мүгедектігі бар балалар және жасы 18-ге толмаған мүгедек бала асырап отырғанотбасынан шыққан талапкерлер үміткер бола алады.
Аталған гранттарға құжаттар 17 тамызға дейін қабылданады.