ЖОБА ЖЕТЕКШІЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2024-2026 жылдарғаарналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттыққаржыландыруға арналған байқау нәтижелері жарияланды. Байқау мақсаты —ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдары, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекегеқабілеттілігін арттыру.

Байқауда 118 өтінім жеңіске жетіп, оның ішінде университетімізден 2 жоба жеңіп шықты.

Зерттеу грантының жеңімпаздары:

Ізтілеуов Марат Қапенұлы, медицина ғылымдарының докторы, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессоры.

Ғылыми зерттеу жобасы: AP23489880 «Тәжірибеде индукцияланған радициялық-химиялық (хромдық) онкогенездің, оның ішінде ұрпақтардың алдын алу» тақырыбы бойынша грант иегері атанды.

Кереева Нұргүл Мейірімқызы, медицина ғылымдарының кандидаты, онкология кафедрасының доценті.

Ахметова Сәуле Жұмабайқызы, медицина ғылымдарының кандидаты, патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының доценті.

Ғылыми зерттеу жобасы: AP23490776 «Lauren классификациясымен байланысы бар асқазан обыры биомаркерлерінің болжамдық мәні» тақырыбы бойынша грант иегері атанды.

Жоба байқауынан сәтті өтулеріңізбен құттықтаймыз!

Ғылыми-зерттеу жұмыстарыңызға толағай табыстар тілейміз!