Құрметті студенттер мен талапкерлер!
Университет жатақханаларынан орын беруге өтініштерді қабылдау 19-29 тамыз аралығында жүргізіледі. Көрсетілген мерзімде өтініштерді қабылдау «Platonus» ААЖ-да онлайн режимінде жүзеге асырылады.
- 1-курс студенттері мен жеңілдік санатындағы (мүгедектігі бар тұлғалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар тұлғалар) жоғары курс студенттері үшін 19-25 тамыз аралығында №5 жатақхана.
- Жоғары курс студенттері үшін 26-29 тамыз аралығында №2 жатақхана.
- Халықаралық факультет студенттері үшін 26-29 тамыз аралығында №1 жатақхана (жігіттер) және №4 жатақхана (қыздар).
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылар үшін 2-5 қыркүйек аралығында №3 жатақханаға (бос орындар болған кезде).
Комиссия өтініштерді екі жұмыс күні ішінде қарайды. Өз өтінішіңізді «Platonus»-та тексеріп, қадағалаңыз! Жатақханаға орналастыру 28 тамыздан бастап жүзеге асырылады. Өткен оқу жылынан жатақханаға қарызы бар және ішкі тәртіп ережелерін сақтамаған студенттерге орын берілмейді!
Барлық сұрақтар бойынша жастар ісі жөніндегі қызметіне 109.odm@zkmu.kz электрондық поштасына немесе «zkmu_support_bot» телеграм арнасына хабарласуға болады.