Құрметті резидентура және магистратура түлектері!
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ адами ресурстарды басқару департаменті 2024-2025 оқу жылына арналған «Университет үміті» бағдарламасы бойынша «оқытушы/ассистент» бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды және сіздерді жоғарыда аталған шараға қатысуға шақырады.
«Университет үміті» бағдарламасының басты мақсаты университеттің кадрлық әлеуетін жаңарту және кезең-кезеңімен жас мамандарды тарту болып табылады.
«Университет үміті» бағдарламасына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
-жоғары медициналық білім, маман сертификаты, ғылыми жарияланымдардың болуы, ағылшын тілін Pre-Intermediate төмен емес деңгейі;
-35 жасқа дейін;
-интернатура мен резидентураны аяқтағандағы орташа балл (GPA) – 3,33 баллдан төмен емес;
-бөлім меңгерушісінің ұсыныс хаты.
Университет жас мамандардың маңызды рөлін мойындай отырып, өзіне келесі міндеттемелерді алады:
-мамандығы мен біліктілігіне сәйкес жұмысты қамтамасыз ету;
-жас мамандардың кәсіби бейімделуіне жағдай жасау;
-даму жоспарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білімді тереңдету мақсатында семинарларға, тағылымдамаларға, біліктілікті арттыру курстарына жіберу;
-ғылыми жобаларға қатысуға мүмкіндік беру;
-1 000 000 теңге (бір миллион теңге) көлемінде біржолғы ақшалай жәрдемақы төлеуге (сома конкурс өткізілген кезде жоғары қарай қайта қаралуы мүмкін);
-университеттің жатақханасынан тұруға бөлме беру;
-1 жылға кафедра ассистенті лауазымына қабылдау кезінде университеттің штаттық оқытушысының лауазымдық жалақысының 50% мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы тағайындау.
Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 14-28 тамыз аралығында жүргізіледі.
Қажетті құжаттар:
- Жоғары білім дипломдарының көшірмелері (қосымшаларымен)
- Маман сертификаты.
- Ағылшын тілі Pre-Intermediatе төмен емес деңгейі туралы құжаттың көшірмесі.
- Ғылыми жарияланымдардың көшірмесі.
- Бөлім меңгерушісінің ұсыныс хаты.
Толық ақпарат алу үшін персоналды дамыту бөліміне хабарласыңыз: Бас ғимарат, 104 -105 кабинет.