2024-2025 оқу жылына «Жас оқытушы мектебіне» тіркелу басталғанын хабарлаймыз
Мақсаты — жас оқытушылардың бейімделіп, педагогикалық қызметке қажетті тәжірибелік дағдыларды игеруіне ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау.
«Жас оқытушы мектебі» аясындағы сабақтар университеттің жас оқытушыларына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысының түрлі аспектілерін үйренуге көмектеседі. Университеттің тәжірибелі оқытушылары еңбек жолдарын жаңадан бастаған оқытушыларға педагогикалық шеберлікті меңгеру мен кәсіби дағдыларды қалыптастыруда оқу және әдістемелік қолдау көрсетеді.