Консул өкілдерімен кездесті
Университетімізде Ақтөбе қаласындағы ҚХР Бас консулдығының өкілдері — ҚХР Бас консулдығының бірінші басшысы, кеңесшісі Го Юй және аталған консулдықтың консулы Чжан Шэнпэнмен кездесу өтті.
Кездесу барысында стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Гүлмира Жорабекова жалпы университетіміз және Қытай университеттерімен әріптестік қарым-қатынас тәжірибесі туралы баяндама жасады.
Кездесуде біздің университет пен Қытай университеттерімен серіктестік туралы, ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту, профессорларды, докторанттар мен магистранттарды бірлескен ғылыми басшылыққа тарту, магистранттар мен докторанттардың академиялық ұтқырлығын және визитинг-профессорлардың шығыс бағытын дамыту мәселелері талқыланды.
Шара соңында ректор міндетін атқарушы Надияр Мусин екіжақты әріптестік ынтымақтастықтың маңызы зор екенін айтып, консул өкілдеріне алғысын білдірді.