«Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру» семинарына шақырамыз!
Семинар педагогикалық құзыреттілікті жетілдіру және тереңдетуге септігін тигізетін негізгі сұрақтардың кең ауқымын қамтиды.
Семинар аясында академиялық, кәсіби құзыреттілік, зерттеу дағдылары, әлеуметтік және кәсіби құндылықтар, көшбасшылық дағдыларды дамыту, мәдени құзыреттілік, толерантты және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру, жоғары білім стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл сияқты жоғары мектеп педагогикасындағы заманауи үрдістер мен бағыттар қарастырылады. Семинар соңында қатысушыларға құжат (сертификат) беріледі.