Хабарландыру

29 тамыз күні оқу процесі сұрақтары бойынша жиналыс өтеді. Өтетін орны: Бас ғимарат, №2 үлкен зал (2-қабат, касса жанында).

Сағат 10.00-де бакалавриат мамандығы бойынша (ҰБТ нәтижесімен оқуға қабылданғандар) стоматология (6 жыл), фармация (5 жыл), қоғамдық денсаулық сақтау (5 жыл), емдік-профилактикалық ісі (5 жыл) және мейіргер ісі (4 жыл) мамандықтарына түскен 1-курс студенттері үшін.

Сағат 11.00-де қысқартылған оқу түріне (колледжден және университеттен кейін) стоматология (4 жыл), фармация (2 жыл), қоғамдық денсаулық сақтау (4 жыл), емдік-профилактикалық ісі (2 және 3 жыл) және мейіргер ісі (2,6 жыл және 10 айлық) мамандықтарына түскен 1-курс студенттері үшін.