Конституция күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, ардагерлер мен білім алушылар!
Сіздерді 30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
ҚР Конституциясы күні — халқымыздың бірлігін, Тәуелсіздігімізді және елдігімізді айқындайтын ерекше күн. Ата Заңымыз — мемлекеттігіміздің берік іргетасы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаушы. Осы құнды құжаттың аясында елімізді одан әрі дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту және жасампаздықты нығайту — баршамыздың міндетіміз.
Еліміз гүлденіп, бейбітшілік, татулығымыз бен тұрақтылығымыз жасай берсін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын! Әрбір шаңыраққа амандық, береке, бірлік және мол бақыт тілеймін!
Құрметпен,
Надияр Мусин,
ректор міндетін атқарушы.