Мақсат — педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру
«Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру». Осындай атаумен Аққағаз Досжанова атындағы конференц холлда профессор-оқытушылар құрамына арналған семинар өтуде. Оған спикер ретінде Сербия Академиялық белсенділік қауымдастығының атқарушы директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Бибігүл Васич арнайы келді.
Бір апта бойы өтетін семинар барысында қатысушылармен құзыреттіліктің ғылыми негіздері, ғылыми зерттеу жүргізудегі заманауи көзқарас, көшбасшылық қасиет, әлеуметтік мәдениет сынды мәселелер талқыланады. Шара аясында университет студенттері, магистранттар және докторанттармен заманауи ғылыми зерттеудің проблемалары төңірегінде дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, өткізілмек.
Семинар соңында қатысушыларға халықаралық үлгідегі арнайы сертификаттар табысталады.
Атап өтейік, аталмыш шара бұған дейін Еуропа елдерінде өткен, ал университетімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.