Биыл 1243 студент университет табалдырығын аттады
Университетіміздің 1-курс студенттері Аққағаз Досжанова атындағы конференц холлға жиналды. Жиында жаңадан келген білім алушыларға оқу орнының ішкі тәртібі түсіндіріліп, студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді.
Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұргүл Әбенова жүргізген жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысып, заңнамалық талаптар мен қауіпсіздік мәселелері туралы сөз қозғады. Студенттерге университеттегі тәртіп ережелер мен оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы және қауіпсіздік шаралары туралы мол мағлұмат берілді. Тәртіп сақшылары студенттерге заңгерлік кеңестер ұсынып, сұрақтарына жауап берді.
Кездесу студенттердің білім алу ортасында құқықтық және тәртіп нормаларын түсінуіне ықпал етіп, олардың университет өміріне бейімделуіне септігін тигізбек.
Атап өтсек, биыл 1243 студент университет табалдырығын аттады. 1-курс студенттерінің 392-сі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының гранттары бойынша білім алады. Яғни «Медицина» мамандығын 386, «Педиатрия» мамандығын 181, «Стоматология» мамандығын 137 студент таңдады. «Мейірбике ісі» мамандығы да кеңінен танылып келеді. Яғни мұнда 335 студент оқиды. Сондай-ақ, «Фармация» мамандығына 44, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына 30 және «Медициналық-профилактикалық ісі» мамандығына 36 студент оқуға түсті.