Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау жүйесін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институтын енгізуге дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында медициналық қызметкерлерді кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселелері бойынша кең ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстары басталды.
Осыған орай аталған министрліктің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселелері бойынша, медициналық қызмет нәтижесінде пациенттердің өмірі мен денсаулығына зиянды болуын (болмауын) анықтау жөніндегі тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысы жөнінде Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының жетекшісі Талғат Жұмағазин оқыту жұмыстарын жүргізді.
Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті, облыс бойынша медициналық ұйымдарының басшылары, пациенттерді қолдау қызметі және ішкі аудит қызметкерлері, бейінді мамандар, тәуелсіз сарапшылар, заң және экономикалық бөлімдердің қызметкерлері, мамандандырылған бірлестіктер мен кәсіподақтардың өкілдері т.б. қатысты.