Ағылшын тілін үйретеді
Университетке Fulbright English Teaching Assistant (ETA) бағдарламасы бойынша Derek Wenhao Ren келді. Ол жаңа оқу жылында университет қызметкерлері мен студенттеріне ағылшын тілін үйретуге көмекші ретінде жұмыс істейді.
Fulbright ETA бағдарламасы — әлемдегі беделді академиялық алмасу бағдарламаларының бірі. Оның аясында Қазақстан мен АҚШ ғалымдары арасындағы ынтымақтастық екіжақты негізде жүргізіледі. Бағдарлама стипендиаттарға өңірлік жоғары оқу орындарында толық академиялық жыл бойы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біздің университетте бұл бағдарлама университеттің тіл кафедрасы оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттырып, студенттерге ағылшын тілін жетілдіруге көмектеседі.
Айта кетсек, кеше Derek Wenhao Ren профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарға және интерндерге алғашқы сабағын өткізді.