Жатақхана — студенттің екінші үйі
Жатақхана — студенттің екінші үйі. Студенттер үшін жатақхана — тек жайлы баспана ғана емес жалынды жастардың бос уақыттарын тиімді өткізіп, рухани-мәдени дамуына да септігін тигізетін орын. Алыс-жақыннан келген жастар жаңа достар кездестіріп, бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай тату-тәтті қуанышты күндерін бірге бөліседі. Бір сөзбен айтқанда, мұнда күнде қайнаған тіршілік.
«Әрине, нағыз жастық шақ — студенттік өмірдің ұмытылмас қызықты сәттерін сезіну үшін жатақхана өмірін көру керек», — дейді студенттер.
Шет елдік студенттер тұратын №1 жатақханаға биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонау Үндістан мен Пәкістан елдерінен білім алуға келген студенттер қауымы жөндеу жұмыстарының жүргізілгеніне дән риза.