Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында Маңғыстау облыстық ауруханасында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселелері бойынша медициналық қызмет нәтижесінде науқастардың өмірі мен денсаулығына зиянды болуын (болмауын) анықтау жөніндегі тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысы жөнінде Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының жетекшісі Талғат Жұмағазин оқыту жұмыстарын жүргізді.
Оған Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы медициналық ұйымдарының, науқастарды қолдау қызметі, ішкі аудит қызметкерлері, бейінді мамандар, тәуелсіз сарапшылар, кадр, заң және экономикалық бөлімдерінің қызметкерлері, мамандандырылған бірлестіктер мен кәсіподақтардың өкілдері, т.б. қатысты.