Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға білім алуда жаңа мүмкіндік

Нариман Мамбеталиев — Орал қаласының тумасы. Қазіргі таңда ол университетімізде «Срочник 2.0» бағдарламасы бойынша білім алуда. Бұл бағдарлама — ҚР Қорғаныс министрлігінің мерзімді әскери қызметті өтеуші азаматтарға жоғары білім алу мүмкіндігін беру мақсатында жүзеге асырылған бастама.

2023 жылдан бастап, ҚР Қорғаныс министрлігі мен еліміздің жоғары оқу орындары арасында «Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы ынтымақтастық туралы» келісімдерге қол қойылды. Келісімдер бойынша мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарға жоғары оқу орындары есебінен орындар бөлінді. Олардың ҰБТ-сыз қабылдану мүмкіндігі қарастырылған, тек қабылдау комиссиясымен сұхбаттасу жеткілікті.

Аталған бағдарлама әскер сапында болып келген азаматтарға жаңа перспективаларға қол жеткізіп, мамандық меңгеруге үлкен мүмкіндіктер береді