Хабарландыру

Құрметті студенттер!

«Medik» газетінің 55 жылдығына орай газет редакциясы «Менің үнпарағым» тақырыбына эссе және «Medik» газетіне арнау өлеңдеріне бәйге жариялайды. Бәйге қорытындысы газеттің мерейтойлық іс-шарасында жарияланады.

Шығармаларыңызды Ворд бағдарламасында рәсімдеп, аты-жөндеріңізді, телефон нөміріңізді толық жазып, жеке түскен фотоңызбен қоса medic@zkmu.kz поштасына жіберулеріңізге болады.

Сұрақтарыңыз болса, 8-707-721-4555 байланыс телефонына Салтанат Ұшқанбайқызына хабарласыңыздар.