Құрметті ардагерлер!
Сіздерді 1 қазан атап өтілетін сый мен құрмет күні — Қарттар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету — бұрыннан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік іс-тәжірибелеріңіз бен бізге берген ақыл-кеңестеріңіздің біз үшін әрқашан орны бөлек. Көптеген мамандарға бағыт-бағдар беріп, олардың еңбек жолында шыңдалып, тәжірибе жинақтауына зор үлес қостыңыздар. Дана халқымызда: «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген жақсы сөз бар.
Бүгінгі мереке күні отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, мол бақыт, өздеріңізге зор денсаулық пен әдемі қарттық тілеймін! Балаларыңыздың қызықтарын көріп, аман-сау жүре берулеріңізге тілектестігімді білдіремін.
Құрметпен,
Надияр Мусин,
ректор міндетін атқарушы.