Ресей ұлттық кардиологтар конгресі

Санкт-Петербургте Ресей Ұлттық кардиологтар конгресі өтті. Тарихы 2000-жылдан бастау алатын ауқымды ғылыми-медициналық дәстүрлі конгресс көрнекті ресейлік ғалым-дәрігер Н.Коротковтың 150 жылдығына арналды.

Конгресстің ғылыми бағдарламасы заманауи аритмология, шұғыл, балалар, интервенциялық кардиологиялары, жүрек-қан тамырлары хирургиясы және кардиологиялық көмекті ұйымдастыру сынды заманауи кардиологияның өзекті бөлімдерін қамтыды. Атеросклероз, артериялық гипертензия, коронарлық емес жүрек аурулары, жүрек жеткіліксіздігі, өкпе гипертензиясы сияқты маңызды мәселелерге көңіл бөлінді.

Конгресс жұмысына м.ғ.к., профессор Бекболат Жолдин және №2 ішкі аурулар кафедрасының докторанты Айғаным Аманова қатысты. Ғалымдар «Артериялық гипертензия және ісікке қарсы терапия: қазіргі тенденциялар» тақырыбында баяндама негізінде электронды постер ұсынды. Кафедра осы бағыттағы жұмысты 2021 жылдан бастап жүргізіп келеді. 2023 жылдың желтоқсан айында кафедра қызметкерлері «Сүт безі обырының химиотерапиясынан туындаған кардиотоксикалық асқынуларды ерте диагностикалау және емдеу бағдарламасын әзірлеу» атты ҒТЖ аяқтады.

ҒТЖ нәтижелері бойынша «Кардионкология», «Кардионкологиялық қызметті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» оқу құралы шығарылды.